DataLife Engine / Серікбай Маханов (ҚҰДАША ҚЫЗ)

Серікбай Маханов (ҚҰДАША ҚЫЗ)

«Қыз қайда құдашадай көзі күлген» ,
Айтқызбай жан сырыңды өзі білген .
Ақ пейіл сезіміңді тербеткенде
Жігіттің арманы жоқ сені сүйген .

Қайырмасы :
Бал мінезді , жарқын жүзді құдаша ,
Айтқан назым бір өзіңе ұнаса .
Сезінерсің жүрегімнің лүпілін
Жақын келіп тыңдап көрсең оңаша,
Болар еді екеумізге тамаша .

Көктегі Күн көзіндей жарқырасаң ,
Өзіңе келермедім шақырмасаң .
Бүр жарған қызғалдақтай құдаша қыз
Әніңмен сәнің қайда ашылмасаң .

Қайырмасы :
Көріндің ақ сәуледей шұғыладан ,
Шашыңды таранғанда нұр құлаған .
Құдаша сымбатыңмен сүйсіндірдің
Артық боп періштедей – хор қызынан .

Қайырмасы :
07.10.2017
Вернуться назад