DataLife Engine / Абай Құнанбаев (Ғашықтың тілі - тілсіз тіл)

Абай Құнанбаев (Ғашықтың тілі - тілсіз тіл)

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.

Ол тілге едік оңтайлы
Қаріпсіз біліп сондайды.
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.
01.05.2019
Вернуться назад