DataLife Engine / Серікбай Маханов (ӨРІСТЕЙ БЕР АСТАНА)

Серікбай Маханов (ӨРІСТЕЙ БЕР АСТАНА)

Сарыарқа кең дала қозғалвста ,
Нақ төріңде Астана толғаныста .
Достық елдің сәлемін қабыл алып
Бейбіт күнмен біздің ел қорғаныста .

Сұлулықтың ажарлы белгісіндей ,
Жас сәбидің тербелген бесігіндей .
Аппақ қарлы асқар шың Алатауға
Қол бұлғайды Көкшетау – інісіндей .

Алматы мен Астана қатарласып ,
Бір жасарды қос қала араласып .
Рухын қолдап ақ ниет бабалардың
Елбасым жүр елімен ақылдасып .

Жер жәннәті Алматы Жетісудан ,
Енші алып Астана белді буған .
Қазағымның ежелгі салт – санасын
Қабыл алған көк байрақ асыл тудан .

Болашаққа ақ таңнан біз үміткер ,
Жағасында Есілдің қыз – жігіттер .
Көркің сұлу Астана өркендеген
Жоспарларға жалғасып ұлы істер .
07.10.2017
Вернуться назад