DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Беркініп садақ асынбай)

Махамбет Өтемісұлы (Беркініп садақ асынбай)

Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге оқ салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат
Балдағынан қанға боялмай,
Қасарысқан жауыңа
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Үйде жатқан жігітке
Төбеден тегін атаң болар ма?!
01.03.2017
Вернуться назад