DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Желп-желп еткен ала ту)

Махамбет Өтемісұлы (Желп-желп еткен ала ту)

Желп-желп еткен ала ту
Жиырып алар күн қайда?
Орма мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол жатып,
Жауырынына мұз қатып,
Жау тоқтатар күн қайда?
01.03.2017
Вернуться назад