DataLife Engine / Абай Құнанбаев (Жалын мен оттан жаралып)

Абай Құнанбаев (Жалын мен оттан жаралып)

Жалын мен оттан жаралып,
Жарқылдап Рағит жайды айдар.
Жаңбыры жерге таралып,
Жасарып шығып гүл жайнар.
Жайына біреу келсе кез,
Белгілі жұмыс, сор қайнар.
Қуаты күшті нұрлы сөз,
Қуатын білген абайлар.
Жалын мен оттан жаралған
Сөзді ұғатын қайсың бар?
Партия жиып пара алған,
Пейілі кедей байсыңдар.
Қулық пенен құбылдан
Жалықсаң, жақсы жансыңдар.
Түзелмесе шұғылдан,
Арсылдар да қалшылдар.
Несі өмір,
Несі жұрт?
Өңшең қырт,
Бас қаңғырт!
08.09.2013
Вернуться назад