DataLife Engine / Абай Құнанбаев (Болды да партия)

Абай Құнанбаев (Болды да партия)

Болды да партия,
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя,
Дауың мен шарынды.
Құрбыдай хош тұттым
Жасың мен кәрінді.
Жоқтамай, ұмыттым,
Ақыл мен нәріңді.
Ортаға көп салдым
Өзімде барымды.
Япырым-ау, неңді алдым,
Сау қоймай арымды?
Ойымнан ой бөліп,
Қозғадың тамырды.
Көңілге тік келіп,
Кетірдің сабырды.
Ойым да ақ, жарым да ақ,
Кеңімді, тарымды
Қарасам пайымдап,
Сөзің сол сарынды.
Өсекке салмаңдар
Ойымды, жарымды.
Өлшеуге алмаңдар,
Ойым бек тарылды.
Ұрыңнан асырдың
Сұм тілді қарынды.
Жасырдым, жасырдым,
Енді айттым зарымды.
08.09.2013
Вернуться назад