DataLife Engine / Жезделерім

Жезделерім

Жезделер шіркін жезделер
өзіңе кім бар тең келер,
балдыздар мен сырласып
қалжыныңды көтерер.

Советхан жездем үлкені ғой
Ай ауылының серісі ғой,
қырқүйде көрші болып жүріп
Раушантайды ілді ғой.

Жеңісбек жездем жігерлі
ұшып қонып жүреді,
Баянтай мен екеуі
көшіп қонып жүреді.

Шалқар жездем палуан
жігер күші тасыған,
Райконтай мен екеуі
Ай ауылында танысқан.

Ерсайын жездем кіші ғой
ұлы Абайдың тегі ғой,
Заукентайға ән жазып
әнмен тұзақ құрды ғой.

Жездем менің жезделерім
асылдан сенің кеуделерің,
әпкелермен бірге жүріп
абыройың өркендесін!!!

Ерік Еренғазыұлы
06.09.2018.ж.
30.11.2018
Вернуться назад