DataLife Engine / Арман, мақсат, мұрат

Арман, мақсат, мұрат

Армансыз адам алысқа бармас.

Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Іздеген мұратына жетеді.

Соқырдың тілегені - екі көзі.

Үмітсіз шайтан.

Тұлпарды алтын тағамен тағаласа,
Есек те емексіп аяғын көтереді.

Тауықтың түсіне тары кіреді.

Ақылы жоктың — арманы жоқ.

Құсты қанат ұшырар,
Ерді талап ұшырар.

Арман — адамға қанат

Талап - талмас қанат

Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.

Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.

Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ.

Жақсы ниет - жарым ырыс.
11.01.2017
Вернуться назад