DataLife Engine / Баубек Ералыұлы Бердіжар (Уа, Махамбет...)

Баубек Ералыұлы Бердіжар (Уа, Махамбет...)

Ғасырлардан ғасырларды жалғаған,
Қалың жаудың ерсіз ойын жалмаған.
Қайтпас қайсар ерлігіңді жас ұрпақ,
Түсіне ме?
Уақыт жеңе алмаған.

Ақындығың елдің рухын көтерген,
Батырлығың ер сенімін өтеген.
Уа, Махамбет!...
Арлы қазақ келіні,
Арылмасын сендей болар бөпеден.

Жағымпаздар айласына езілмей,
Ұлы рухың кетті қайран сезілмей.
Берекесі ыдыраған еліңнің,
Еркіндігін қорғап жүрдің көз ілмей.

Уа, Махамбет алғыс алған халықтан,
Тәңір саған киелі жол дарытқан.
Дұшпандарың алғанменен басыңды,
Ала алмаған ерлігіңді тарихтан.
11.01.2017
Вернуться назад