DataLife Engine / Баубек Ералыұлы Бердіжар (Рух тұлғасы, Арман-аңсар тұғыры!)

Баубек Ералыұлы Бердіжар (Рух тұлғасы, Арман-аңсар тұғыры!)

Желтоқсан ол –
Боздаған жанның шық сыры,
Қасиет пен қасіреттің жұп жыры.
Қар орнына қаны тамған желтоқсан,
Рух тұлғасы, арман-аңсар тұғыры.

Желтоқсан ол –
Елдік, ерлік шеңбері.
Көк түркінің көктен соққан семсері.
Өр халықтың ар-намысын сатқандар,
Ұлттық ардың бетіндегі меңдері.

Желтоқсан ол –
Жылқы мінез қазақтық,
Қилы кезең тауқыметті азаптық.
Шежіреде зерделенген үрдістің,
Құрсағында толғақ қаққан азаттық.

Айбарда бар, тұғырда бар ұлылық,
Қазақтыққа туа біткен бұл қылық.
Шайыр болсаң, әспеттей біл осыны,
Баққа бастар мұрат, ерлік жыры қып.

Желтоқсан ол –
Боздаған жан шық сыры,
Рух тұлғасы – арман-аңсар тұғыры!
11.01.2017
Вернуться назад