DataLife Engine / Баубек Ералыұлы Бердіжар (Портрет)

Баубек Ералыұлы Бердіжар (Портрет)

Түркі тегім,
Жүрмеген әмір маған,
Дүниеге бал жырмен тамырлағам.
Шөлден мұңды, күш алып Алатаудан,
Жұпар сезім тұлғамда мамырлаған.

Мұсылмандық сіңіріп күй кенішін,
Сәуегей тірлігімнің түйем ісін.
Қос әлемнің аңызын анық білген,
Иығымда періштем,
Сүйенішім.

Тапатал түс,
Жаным - жаз, үміт - тоғай,
Дархан бақ айдынынан күліп арай.
Қымыз сезім қыздырды түйсігімді,
Өмір керуен көшінде жүріп жолай.

Түрлі-түсті бұл жалған ордасында,
Серігім бар, жан кешті жолдасым да.
Қиялдағы арманда құшақ жаяр,
Көк пен жердің кезіксек ортасында.

Домбырамен еп-егіз тағдырым да,
Сіңіргенмін жүрекке таң нұрын да.
Сусындатам ғаламды жыр селімен,
Құбылыстың айналып жаңбырына.
11.01.2017
Вернуться назад