DataLife Engine / Баубек Ералыұлы Бердіжар (Ана тілім – тарихымның мұрасы)

Баубек Ералыұлы Бердіжар (Ана тілім – тарихымның мұрасы)

Қайраттымын, еңсем биік әр таңда,
Бақыттымын, рухым асқақ жалғанда.
Жаратқанды, тарихымды танысам,
Бәрі-бәрі Ана тілім сенің ғана арқаңда.

Ана тілім – аманаты бабамның,
Ана тілім – тірегі ғой санамның.
Ана тілім – тарихымның мұрасы,
Бастауындай асқар биік арманның.

Тұлға болдым, мақсатыма жол салған,
Тәңірім бар міндетімді жолдаған.
Жеткізуде жырларымды, сырымды,
Сен едің ғой Ана тілім қолдаған.

Құдіретің маған сенім береді,
Ал сенімім қиындықты жеңеді.
Қазақ тілі – ғалым тілі, ер тілі,
Деңгейімді Хан Тәңірмен теңеді.
11.01.2017
Вернуться назад