DataLife Engine / Баубек Ералыұлы Бердіжар (Жаратқан. Тілек. Бақ)

Баубек Ералыұлы Бердіжар (Жаратқан. Тілек. Бақ)

Жаратқан жар болып тағы да,
Әр берді зарыққан бағыма.
Ол сондай қамқоршы ой жетпес,
Нығметі сыймайды басыңа.

Содан мен адал жар тіледім,
Даурыққан сәтінде жүрегім.
Көктемде мұң құшып сыздатқан,
Жазымда күз болып түнердім.

Жеркеніп өмірдің заңынан,
Тіледім иманды жанынан.
Дәм тұзы біткенше өшпейтін,
Жылуды тіледім таңынан.

Тірлікке байланбас күлкісі,
Жеңілге антоним жүрісі.
Ет-жаны елжіреп «арым» деп,
«Кезіксе» деп едім нұрлысы.

Жеті қат түндерде жалынғам,
Барыммен, нарыммен табынғам.
Жаратқан қабылдап тілекті,
Құралай сен шықтың алдымнан.
11.01.2017
Вернуться назад