DataLife Engine / Баубек Ералыұлы Бердіжар (Аласапыран)

Баубек Ералыұлы Бердіжар (Аласапыран)

Биыл қыс тым суық,
Жүрегім секілді қазіргі.
Беймегзіл уақытта,
Ұрлаған ол менің жазымды.
Қар аралас тұр борап,
Ойларым секілді сандалған.
Күз келмей тұрғанда,
Тауысқан мұң толған жасымды.
Суыққа шыдамай,
Бүркеген көбісі беттерін,
Мен қалай шыдадым?
Бұрылып мен неге кетпедім?!...
Айналам қалың қар,
Қырлар жоқ гүлдеген.
Ал менің жанымда
Үмітім сен қалай көктедің?!...
Қуатым жоқ менің,
Нұр шашар көңілге.
Тым суық мына қыс,
Өтпейік егіз боп өмірде.
Сен айлап борасаң,
Ойларым бір күнде жиылған,
Мен бүгін ұқсасам,
Ал ертең өзгерем тым мүлде.
11.01.2017
Вернуться назад