DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Кетейікші бір жаққа)

Мұқағали Мақатаев (Кетейікші бір жаққа)

Барайықшы жылғаға,
Барайықшы жылғаға.
Барайық та жылғаға,
Тебейікші сырғанақ.

Барайықшы суатқа,
Шығайықшы қыратқа.
Шығайық та қыратқа,
Бөленейік шуаққа.

Аяз ұрған ақпанда,
Аунайықшы ақ, қарға.
Қайтайықшы бір барып,
Қайран бала шақтарға.

Барайық та жылғаға,
Тебейікші сырғанақ ...
Ақ күмбездер — әжелер
Алыс жақтан түр карап.
05.05.2016
Вернуться назад