DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Сен сұрама)

Мұқағали Мақатаев (Сен сұрама)

Мен айтпаймын,
Сен сұрама,
Сұрама сен мен кіммін!
Жеңетіннен жеңілдім де,
Жеңбейтінге жеңдірдім.

Көңіл деген құйты құсты
Көнбейтінге көндірдім.
Сенетінге иландырмай,
Сенбейтінге сендірдім.


Ашық күнде ақ аспанның,
Ақ жаңбырын аңсадым.
Тыныс алар кездерімде,
Тыным таппай шаршадым.
05.05.2016
Вернуться назад