DataLife Engine / Ерлан Ахмет (Жайсаным – әнім)

Ерлан Ахмет (Жайсаным – әнім)

Қасиеттім,
Жайсаным,
асқаралым,
кеудемдегі сылдырлап бастау ағын.
Кетсем шалғай жаныңнан жыр төгіліп,
көңілімде іңгәсі жас баланың.

Жайсаным – әнім жырлаған,
Жинадың талай сыр маған.
Жүрегім жалғыз сендік,
Жанымды жарқын күн нұрлаған.

Сауыр,
Сайхан,
Маңырақ бөктерлерін
саялаған көгілдір көктем керім.
Самғап ұшты ақындар, батырларың,
сәулесінен күнімнің көктеді елім.

Күмбірлетіп күй төктім жүрегімнен,
қуанышқа шаттанып күле білген.
Қастерлісің мекені бал күнімнің,
қадіріңді, Жайсаным, білемін мен.
09.09.2016
Вернуться назад