DataLife Engine / Саят Әбенов (Əй, ауыз!)

Саят Әбенов (Əй, ауыз!)

Әйелдерде - "шәй ауыз",
Сұлуларда - "ай ауыз".
Жемқорларда - "май ауыз"
Елдің мұңын айтатын,
Жоқ па соған сай ауыз?
Шынылдайды Құлақтар,
Жыбырласа қай ауыз!

Ақындарда - "бай ауыз",
Пақырларда - "лай ауыз"!
Аузымызды біз қашан,
Зәмзәм сумен шаямыз?
"Құдайы" жоқ ауызды,
Е, Құдайым, аяңыз!
31.08.2016
Вернуться назад