DataLife Engine / Жаңа жыл - Ерлан Ахмет

Жаңа жыл - Ерлан Ахмет

Кірді, міне, есік қағып жаңа жыл,
ала келді айтылмаған жаңа жыр.
Ескі жылмен қоштасамыз әндетіп,
шыршаларды түрлі-түсті сәндетіп.

Жаңа жылым бақытты мол әкелсін,
бар халыққа қуаныш көп әперсін.
Бейбітшілік болып тұрсын елімде,
тыныш болсын ұлан-байтақ жерім де.


Қажетті сілтемелер:

01.05.2019
Вернуться назад