DataLife Engine / Хамит Ерғалиев (Коммунист сөзім)

Хамит Ерғалиев (Коммунист сөзім)

Ыстық, қымбат елге күннен
Партиялық съезімі
Азды-кәпті еңбегімімен
Саған асыл сый өзім!
Қайда қойсаң, сонда тұрам,
Аямаймын ешқашан;
Ылғи есіп таңды атырам;
Ылғи жаңа кешті ашам.
Өз орнымда Ленин туын
Көтеруге иемін;
Өз атыңнан буын-буын
Алтын шоғын сүйемін!
Өз атымнан өмір құрам,
Жер жасаймын торғыннан
Қайда қойсаң, сонда тұрам,
Айнымаймын орнымнан!
Тауда тасын әр кенімнің
Сап алтыға балатам,
Қүнде таңға мартенімнің
Өт маңдайын жалатам.
Түзге қойсаң шөлді, құмды
Өзгертемін -қожамын;
Төңірегіме өз қолымды
Өзен етіп созамын.
Орман болам, гулдеп ішім,
Аспанымды терлетем,
Он ғасырдың барлық құсын
Бұтағында тербетем.
Қай орынға қойсаң бүгін,
Демеймін мен баяумын -
Ильич нұры - өз кірпігім,
Жұмылмайды!
Ояумын!
Қайда тұрсам ояумын мен,
Қырағымын орнымда;
Сақшысымын таяу күн мен
Бес жылдың да, онның да!
Қорғайтыным - бейбіт күнім,
Бейбіт орным, еңбегім;
Тілемеймін аға, інім,
Жер қойнына еңбегін!
Басшы өзің!
Айнымаймын,
Қайда қойсаң, сондаймын!
Идеяңнан айрылмаймын,
Мен алдыңғы сандамын!
Планетамды нұрға малған
Партиямен біргемін!
Сол себепті қымбат маған
Бір минутым, бір демім!

1951
19.05.2016
Вернуться назад