DataLife Engine / Үмбетей жырау (Биік тауға жарасар)

Үмбетей жырау (Биік тауға жарасар)

Биік тауға жарасар
Ығынан тиген панасы.
Терең сайға жарасар
Тобылғылы саласы.
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы.
Ақсақалға жарасар
Тілеуқорлық айласы.
Бәйбішеге жарасар
Еміздіктеген сабасы.
Келіншекке жарасар
Емшектегі баласы.
Қыз он беске келгенде
Шашынан көп жаласы.
Бұл жалғанда бір жаман -
Ағайынның аласы.
05.05.2015
Вернуться назад