DataLife Engine / Үмбетей жырау (Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек)

Үмбетей жырау (Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек)

Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,
Бұл үйректей болыңыз,
Судан суға шүйгумен
Көлден көлге қоныңыз.
Байлар ұғлы шоралар
Бас қосыпты десін де,
Маң-маң басып жүріңіз,
Байсалды үйге түсіңіз.
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз!
05.05.2015
Вернуться назад