DataLife Engine / Шалкиіз Тіленшіұлы (Шағырмақ бұлт жай тастар)

Шалкиіз Тіленшіұлы (Шағырмақ бұлт жай тастар)

Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар,
Ақ желкенді жел бастар,
Ғадыл төре ел бастар,
Батыр жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң - бүркіт жи,
Қыс тонынды түлкі етер,
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Жүмле ғаламға күлкі етер.
04.04.2016
Вернуться назад