DataLife Engine / Сұлтанмахмұт Торайғыров (Екі тышқан)

Сұлтанмахмұт Торайғыров (Екі тышқан)

(Ғ. Тоқайдан)

Даладан екі тышқан май тауыпты,
Шығынсыз екеуі де жай тауыпты.
Жанжалдасып бұл майды бөлісе алмай,
Маймылға бөлдіруге көңілі ауыпты.

Білдірді бұлар барып маймылға өзін,
Айтысты арадағы жанжал сөзін.
«Қош келдің, таразым бар, өлшейін,— деп,
Жоғалтуға ойлапты майдың көзін.

Өлшепті бір жағына майды салып,
Анжағы көтерілді босқа қалып.
Бос жағы мен май жағын теңгеруге
Маймыл тықты аузына майдан алып.

Ақырын жеп бітіріп майлы басын,
Безбеннің тегістепті екі басын.
Безбеннің бірдейлігін көзбен керіп,
Тышқан кетті ағызып көздің жасын.

Сорлының жанжалдасқан майы қайда:
Бермейді ешбір уақыт жанжал пайда.

Өз ара қосылмаса ынтымағың,
Жем болдық көрінгенге әрбір жайда.
Ендігәрі бірліктен айрылмасқа,
Тышқандар ант етіпті бір кең сайда.
07.07.2016
Вернуться назад