DataLife Engine / Сұлтанмахмұт Торайғыров (Ей, махаббат! Ей, достық!)

Сұлтанмахмұт Торайғыров (Ей, махаббат! Ей, достық!)

Ей, махаббат! Ей, достық!
Алдама, сендер жалғансың.
Құр мазақтап, мәз болып,
Бойды аулаққа салғансың!

Дүние рахат, достық бар,
Тұрмыста жоқ суық қар.
Дүниені жауыз дегендер
Бәрі жынды, ақмақтар.

Көрсе қызар, құмарпаз
Байламап па еді бағыңды?
Адасасың сен, Махмұт,
Алданып қума сағымды.

Бес-он жылдар шыдашы,
Аларсың сонда тағыңды.
Сондай бола тұрып та,
Шыдамай саған не қылды?

Тәубе, уәдеңді жаңылып,
Мінезің неге қағынды?
Сен алданып жүргенде,
Сындырар тұрмыс жағыңды.
07.07.2016
Вернуться назад