DataLife Engine / Сұлтанмахмұт Торайғыров (Құлағым бітелген жоқ)

Сұлтанмахмұт Торайғыров (Құлағым бітелген жоқ)

Құлағым бітелген жоқ, естиді ашық,
Түлкіден шешен сөзі кетті асып,
Белгілі жарамсақтық жарапазан
Қазаққа пайдалы істен мүлдем қашық.

Қозғалса ел намысы судай тасып,
Шешенің жақсы ат алмақ соны басып.
«Темірді қызғанда соқ» деген қайда,
Бұл неге қалтырайды қаны қашып?!

Қалың ел оянғанда көзін ашып,
Азаттық, теңдік үшін ұрандасып.
Бас тартқан дер кезінде басшылықтан
Жігерсіз, қайраты жоқ неткен жасық?!
05.05.2015
Вернуться назад