DataLife Engine / Сұлтанмахмұт Торайғыров (Маңайымнан әрмен кет)

Сұлтанмахмұт Торайғыров (Маңайымнан әрмен кет)

Маңайымнан әрмен кет,
Жанды қуыршақ, арам ет.
Білдірместен астыртын
Алдап едің көз құртын,
Құр бояма қызыл бет.

Анадай тұрып қарасам,
Жанды ерітер жандайсың:
Жуып кетсем маңыңа
Екі аяқты малдайсың.
Сондай бола тұрып та
Өз-өзіңе қандайсың.

Бір көрмеге асылсың,
Көл көрмеге масылсың.
Тек ішіп-жеп жүк тартар
Сарттар мінген қашырсың.
Не сөйлерге тілің жоқ,
Не сөз ұғар білім жоқ,
Саған кімдер бас ұрсын?

Бірақ жазық қазақта:
Ұлы-қызы мазақта.
07.05.2014
Вернуться назад