DataLife Engine / Тәтіқара ақын (Қамыстың басы майда, түбі сайда)

Тәтіқара ақын (Қамыстың басы майда, түбі сайда)

Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы - болат найза!
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
Деріпсәлі, Мандайды айт қыпшақтағы!
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы!
Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт!
Найзасының ұшына жау мінгізген -
Еменәлі керейде ер Жабайды айт!
02.02.2016
Вернуться назад