DataLife Engine / Омар Шораяқұлы (Шайырлардың сомасы)

Омар Шораяқұлы (Шайырлардың сомасы)

«Баһадүр» деп білмеңіз-
Жиынды бұзған тентекті.
Кезеніп атар оқ емес,
«Қару» деп білме келтекті.
Жолдастыққа санама,
Жайбар ауыз көнтекті.
Арабы нардың белгісі-
Бұйдасын ірікпес, елпек-ті.
Жүгімен жүріп жүдетер,
Айыр өркеш көмпекті.
Фрғымақ аттың белгісі-
Салыңқы кеуде, еңкек-ті.
Талма тал түс болғанда-
Кигізер көзге телпекті.
Үмбетінен бідерсің,
Әйел менен еркекті.
Ата досқа санама,
Алды-артында болжал жоқ,
Жаңадан болған селтекті.
Шайырлардың сомасы-
Хикая, толғау, ертек-ті.
Халық ықыласын қайтарсам,
«Болам ба, -деймін, -нан тепті?»
Сөз тауарын білетін,
Ерлер басы келіпті,
Тербеліп жорғаң тер төкті!
11.11.2015
Вернуться назад