DataLife Engine / Оралхан Бөкей (Оңаша ойлар)

Оралхан Бөкей (Оңаша ойлар)

Сағынам кейбір кеште мұң шіркінді,
Ыстық деп кім ойлаған бұл шіркінді.
Бастауы жақсы жырдың болармысың,
Апыр- ау көзге неге жас іркілді.
Табиғат табынасың нөсеріңе,
Керек деп жас шалғынның өсеріне.
Көзімді мөлдір жаспен шылап алам,
Жырымнан кілем тоқып төсерімде.
Жас керек бойдың сергіп, өсеріне,
Жас керек қайғы деген есеріңе.
Жас тілейд, қуаныш деген құрбы дағы,
Дес бермей ойсыз күлкі, өсегіне.
Бейбіт күнде кемірсең тас та жақсы,
Бейбіт күнде қанжарлы қас та жақсы.
Тыныштықтың ауасын жұта тұрып,
Бейбіт күнде жыласаң жаста жақсы.
11.01.2016
Вернуться назад