DataLife Engine / Оразақын Асқар (Ұлым жатыр ұйықтап)

Оразақын Асқар (Ұлым жатыр ұйықтап)

Батырындай баяғы ертегінің,
Жатуынды-ай ұйықтап,тентек ұлым.
Сарбаздарай сақтықты серік еткен,
Қысып ұстап сабынан семсерінің.

Сынып мылтық,
Майысып қылыш жатыр,
Тұрмастай боп құлапты қрысты піл.
Арыстан да айырылып айбатынан.

Үркіп барып,
Бұғып бір бұрышта тұр.
Машиналар жұрдай боп дөңгелектен,
Сыры көшіп, өзінен өң де кеткен.
Шашылған зат,айнала аңғартады,
Кішігірім шайқасты бөлмеде өткен.
Төңкеріліп бір шетте жатыр танкі,
Аюдыңда көкке ұшқан атақ-даңқы.
Шақырам деп тәртіпке титықтаған
шешеңнің де басы әне әңкі-тәңкі.

Жайлы төсек іздемей, жасырынбай,
Алаңында ойынның жатуыңды-ай.
Демін алған жеңістің майданында
Ертегінің байырғы батырындай!
12.12.2015
Вернуться назад