Мағжан Жұмабаев (Эпиграммалар)

 Мағжан Жұмабаев (Эпиграммалар)

Әліби Жангелдинге

Отағасы,
Кеткен соң қар
Істің басы -
Меккеге бар,
Жас тоқал.
Сәлде сал.

Мадиярға

Жолдан азып, Ақын Мәкең
Закон жазып, Отыр ма екен
Майқы боп, Қайқиып?

Мұстафаға (Шоқаев)

Шоқай, Шоқай Көкек демей,
Қай жерде? Секектемей,
Қай? Қайтшы елге,
Айнам-ай! Ойнамай.

Уалитхан Танашевқа

Қазақ ұлы, и, қи, қи, қи,
Татар құлы Ол форменный
Уалит ер, Саудагер.

Айдархан Тұрлыбаевқа

Ертек, Жуан қарын
Ертек, Айдарханы
Ерте екен. Қырт екен.


Асылбек Сейітовке

Бір-екі-үш ай Шорман биге
Шапты да тай, Тарттық сыйға
Басылды... Асылды.

Мұсылманбек Сейітовке

Мұсылманбек Очень лестно,
Мұрты тіп-тік Ну, конечно.
Судья. Ну, ну, я...

Асфандияр Шормановқа

Асфандияр, Баю, баю,
Граф Диуар, Поздравляю,
Қайдасың? Мещанин!

Шайбай Аймановқа

Айман, Шайбай, Шу, Шорман дүр,
Қайда, ойбай, Сен кұрбан дүр,
Гүләйман? Жылайман.

Смағұл Қазыбековке

Қазыбегім, Пошел, пошел.
Қазақ елін Я сам дошел.
Ұрайын!.. Құдайым!

Әлімхан Ермеков пен Халел Ғаббасовқа

Әлімге Ермек «Халел, Халел»,-
Оқуға өрнек, Деп те елдің
Жел есер... Бойы әсер

Нәзір Төреқұловқа

Жас марксшіл, Я капитал,
Тағы бір «шіл» Мәзірімді ал,
Төреқұл. Қабыл қыл!


Хайреддин Болғанбаевқа

Бортаң бала, Бір кемі жоқ,
Бүгін қара, Бір теңі жоқ
Кәрі тай. Болғанбай.


Мұсылманбек Мейрамовқа

Арақ та жоқ, Кетті қаңғып,
Қарақ та жоқ, Басы даң боп,
Мейрам жоқ. Колесо боп дөңгелеп.


Омартай Жәнібековке

Есек, есек, Жүр ғой өзі
Қатын өсек Шілдің боғы
Жәнібек. Дәрі деп.

Тел Жаманмұрыновқа

Жаны - жамау, Елді жесе,
Таңқы танау «Шілмін» десе,
Тел қайда? Сол пайда..

Иса Қашқынбаевқа

Шірік сиса, Іздеп Мола,
Доктор Иса, Сен біржола
Қашқышбай! Қаштыңба-ай?

Бақытжан Қаратаевқа

Сөнген айым, Жүріп күшке,
Қаратайым, Арақ іш те,
Бақытсыз. Жаз арыз.


Мырзалиевке

Сасай азбан Дуайт-тралайт,
Жерді қазған Мырзамызға
Мырзамыз. Ризамыз.

Асхат Сайдалинге

Көкек, көкек, Асхат, Асхат,
Менмен есек Үйіңде жат,
Идейный. Ереймей.
Ақмола.

Сатылған Сабатаевқа

Зиялы адам, Достан құрып,
Қиялы арам, Бостан жүріп,
Сатылған. Атылған.

Әбілқайыр Досовқа

Бетім, бетім, Ел биледі-ау,
Құдіретім, Сөз сөйледі-ау
He дейін ?! Әбіл жын!.

Райымжан Марсековке

Қарны ысылып, Қашқар барды,
Жаны қысылып Сәлде салды,
Рай-Марсек, Мінді есек.

Жүсіпбек пен Мұхтарға

Жүсіп жарқын, Қазір Жүсіп
«А» деп қарқын Артын қысып,
Жат еді-ау!.. Қашып па?
Жас бала - мас, Мұхтар, Мұхтар,
Астында ағаш Ол да тоқтар,
Ат еді-ау! Асықпа...

Әбдірахман Байділдинге

Чик-чик, Сылдыр-сылдыр,
Колокольчик Былдыр-былдыр
Дин, дин, дин. Байділдин.


Жұмағали Тілеулинге

Көкшетаулық, Жерді шарлап,
Денге саулық, Жыладым зарлап,
Ақ жаулық. Fали жоқ.
Келісті, келбетті.

Сәкен Сейфуллинге

Фуллин Сәкен,
Бала ақымақ,
Кекең-кекең.
Қожа, ташмай
Футурист.
Басын кес.

Мұқтар Саматовқа

Құрейт, Азық-түлік,
Құрейт, Жина мүлік
Наркомпрод Саматов, Жайнатып.

Біркей (Бірмұқамбет) Айбасовқа

Біркей, Біркей, Анда-санда:
Шыбын-шіркей «Мен мұнда»,-
Молада. деп жылама.

Жаһанша Досмұхамедов пен Халел Досмұхамедовке

Қайда екі дос? «Алла, хақ»,- деп,
Орал боп-бос... «Біз нахақ»,- деп
Қайда олар? Жүр бұлар.

Ахмет Байтұрсыновқа

Ақаң, Ақаң, «Я, жаппар хақ,
Тілек-батаң Мен шын нахақ»,-
Аққа жақ. Де де жат.

Ережеп Итбаевқа

Қотыр торы ат Семейіңе -
Құтырып жүр Көмейіңе
Итбаев, Кеттайып.


Сейтқали Меңдешевке

Қазақстан, Құжынаған құрт,
Солдатстан, Быжынаған eт
Tap балақ. Жорғалап.

Мұқанбетжан Тынышбаевқа

Ескі кебіс, Весьматупой,
Собакеевич, Член Думы,
Жаны кер. Инженер.

Әлиханға

Ел ағасы, Есенбісің,
Елдің басы, Көсембісің,
О, Әли! О, пәли!

Мұханбетжан Бейсеновке

Мен,
Мен, мен.
Единый мен Коммунист.
Елден,
Жерден
Алып жүрмін көп үлес.

Мағжан Бекенұлына
I


Қайда Мағжан?
Мағжан мынау:
Самолюб,
Очень ленив,
упрямый паренек:
Көрсе әйел,
Көзі жоқ ол
Көбелек.
Я писал бы,
He бросал бы
Карандаш,
Зато менің
Постоянно қарным аш.
Баю, баю,
Орманда аю,
Баю, бай.
Баю, баю,
Орманда аю.
Қой,ойбай!
II

Қайда, ойбай,
Мағжан?
Сөзге күймес,
Қалам тимес
Қандайжан?
Есінен де,
Күшінен де
Сөзі көп.
Очень ленив,
Самолюбив
Паренек.
Көрсе әйел,
Көзі жоқ ол
Көбелек.
Я зеваю,
И бросаю
Карандаш.
He бросал бы,
Я писал бы,
Қарным аш...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!