Атырау қаласы

 Атырау қаласы

Қыранды қайтем құздарға барып қонбаған,
Теңізді қайтем тебіреніп тасып толмаған.
Алапат сезім алауын кешіп отырмын,
Ауылдар түгел,
Атырауда бұрын болмаған.

Бейбарыс мынау құтыла салып кебіннен,
Жайыққа қарай жақұтты көзбен емінген.
Сарайшық тұста салтанат құрып хандарым
Сауытын сайлап,бүтіндеп алды сөгілген,

Мұражай бар ма,алтынға қанат малмаған,
Мұрасы қандай,көргендер көзін алмаған.
Көпірім жатыр көтеріп жаңа ғасырды,
Құрлық пен судың керуендерін жалғаған.

Кешегі күнгі көштерім қайда маңдаған,
Көркейіп кеткен ошақтай орны қалмаған.
Құрекем бабам тас мүсін болып тапжы
Тартудан күйді талмаған.

Маржан Ершуова


Атырау –әнім

Атырауым,кең байтақ,туған далам
Өзіңнен мен күннен күнге қуат алам.
Сен менің ән- жырым,
Көрікті сән гүлім,
Қаламсың көркейген Атырау!

Мұнай- газың елімнің берекесі,
Қазағымның сенсің ғой,кең өлкесі.
Мақтаны елімнің,
Артады сенімім.
Өзің деп ән айтам,Атырау!
Сан ғасыр ұрпақтардың дастанысың,
Болашақ бақытты өмір бастауысың.
Өзіңежыр жазам,
Көңілімен шырқап ән
Көркейіп,гүлденген Атырау.

М.Дауылбаев


Асқақтай бер, Атырауым!

Ата жауға алтын басын имеген
Айдынында ақ шағала билеген
Айбыны боп тұлпар тектес ұлдары,
Өр намысын өз қолынан бермеген
Атырауым,
Сенің махаббатыңнан
Бүрін жарған бір тал гүлің едім мен
Егіз емген ерке Жайық- Еділден

Құм шағылы көрінетін лағылдай,
Нарын менен менің Қошалағымдай,
Мекен жоқ деп жер бетінде аялы,
Құсни- көңіл алақанын жаяды
Сенің бағың озса деп
Бар ұланның Айға қолын созса деп!
Адастырмас арман болсасерігім,
Жанды неге жүдетеді жанды мұң?
Асан Қайғы арман қылып аттанған
Жерұйықтың өзінде отыр ел бүгін
Тілегін Тәңір көрген-ді!
Бақ- ырысы тасыған біздің өлкеге,
Бергейдей әкім берген-ді

МҰнайы бар- күллі әлемді қаратқан
Шырайы бар- күліп атқан абат таң.
Ақыны бар- Әнұран боп өрілген
Батыры бар- жігер берген Жаратқан

Атырауым,
Жалғыз тілек мендегі-
Осы асқақ қалпында,
Жасындай боп жарқыра,
Жасындай боп жарқыра!!!

Бақытгүл Бабаш


Атырау -өлке бабалар кескен кіндігін
Аналар ашқан ақ отаудың түңдігін.
Арғы да бергі тарихын оның паш етіп,
Атағын айдай асыратындай күн бүгін.
Атырау- өлке үстімен ұйтқып асқан жел
Сәріде сағым сәукелесін алып қашқан бел
Шұбар ту ұстап Исатай менен Махамбет,
Еңсесі биік ерлердің басын қосқан жер.

Нұралы Әжіғалиев


Атырау менің мекенім

Атырау біздің тұрған мекеніміз,
Ес біліп сонда жидық етегіміз.
Отыз екі жыл болды тұрғаныма
Сол жерде жаз да,қыс та,өтеді күз.

Ол жақын қарт Каспийдің жағасына,
Толқиды ақ Жайықтың сағасы да,
Ұмтылады ақ Жайық асып-сасып,
Қошақандай ұмтылған анасына.

Атырау орналасқан аласаға,
Алыстан көрінбейді қараса да.
Бір кезде теңіз басқан ойпат еді,
Кететін бірте-бірте аласара.

Бір кезде өскен қамыс жағасында,
Көрінбес атты кісі арасында.
Теңізді қоршаушы еді қалың қамыс,
Жағадан он шақырым шамасында.

Бидайың,қоға,қамыс жайқалатын,
Төбеде желмен тербеп шайқалатын,
Сусылдап желді күні қалың қамыс,
Құбылтып неше түрлі ән салатын.

Кей жерде өседі жусан,бұйырғандар,
Сүйсініп жейді оны байырғы мал.
Теңізден 100 шақырым шыққаннан соң
Басталады сусылдаған кір құмдар.

Бастауын Орал таудан алған шайып,
Үлкейіп бірте-бірте қанат жайып.
Қаласын Атыраудың екі бөліп,
Каспийге асығады ақжал Жайық.

Жағалай қалың қамыс,теректері,
Жел соқса дір-дір қағып өбектеді,
Секіреді сары сазандар толқын асып,
Төгілген маржан тастай себеттегі.

Каспийдің кім білмейді бекіресін,
Мақтамаймын мен оны өсіре тым,
Бір ет,бір май аузыңнан дәмі кетпес,
Жемесең оны өмірде өкінесің.

Бекіренің жүрсең сен сырын біліп,
Тамсанасың аузыңнан суың құрып,
Бір тоннадай аналық бекіреден,
Бір центнер аласың уылдырық.

Қызыл балық елімнің берекесі,
Ол көп болса қызықты мерекесі,
Көктем туа жағалай ақ Жайықтың,
Уылдырыққа толады кенересі.

Шілде туа жетілген майда шабақ,
Төгіледі теңізге толқын сабап,
Ақжал толқын оларды асырайды.
Көпшілігін ажалдан арашалап.

Теңіздің құпиясын танып болып,
Тереңде талай ойнақ салып болып,
Ақыры салқын тартқан қоңыр күзде
Толысып өсіп шығады балық болып.

Табиғат жалғасады жылда осылай,
Барады өмір өтіп бір басылмай.
Жетпіс деген бір зауал дос боп алып,
Жұмсартуда күн сайын қорғасындай.

Хафиз Әбуұлы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: атырау туралы олен стихи өлең казакша, атырау каласы туралы олен стихи өлең казакша, олен стихи өлең на тему атырау на казахском языке скачать, атырау қаласы туралы олен стихи өлең, олен стихи өлең казакша, казакша, олен стихи өлең, атырау каласы, олен стихи өлең олен стихи өлең на тему атырау, атырау туралы олен стихи өлең, Қазақша олен стихи өлең: атырау туралы казакша олен стихи өлең, олен стихи өлең на казахском языке про атырау город, атырау туралы казакша олен стихи өлең қазақша олен стихи өлең, олен стихи өлең на казахском языке про город атырау, на казахском языке скачать, скачать, на тему атырау, атырау туралы, қазақстан қалалары туралы олен стихи өлең, казакстан калалары туралы олен стихи өлең казакша, олен стихи өлең на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, олен стихи өлең на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, олен стихи өлең на тему казакстан калалары, города казахстана олен стихи өлең на казахском скачать, атырау қаласы туралы өлеңдер, atyrau turaly olen stihi өleң kazaksha, atyrau kalasy turaly olen stihi өleң kazaksha, olen stihi өleң na temu atyrau na kazahskom yazyke skachat, atyrau қalasy turaly olen stihi өleң, olen stihi өleң kazaksha, kazaksha, olen stihi өleң, atyrau kalasy, olen stihi өleң olen stihi өleң na temu atyrau, atyrau turaly olen stihi өleң, Қazaқsha olen stihi өleң: atyrau turaly kazaksha olen stihi өleң, olen stihi өleң na kazahskom yazyke pro atyrau gorod, atyrau turaly kazaksha olen stihi өleң қazaқsha olen stihi өleң, olen stihi өleң na kazahskom yazyke pro gorod atyrau, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu atyrau, atyrau turaly, қazaқstan қalalary turaly olen stihi өleң, kazakstan kalalary turaly olen stihi өleң kazaksha, olen stihi өleң na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, olen stihi өleң na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, olen stihi өleң na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana olen stihi өleң na kazahskom skachat, atyrau қalasy turaly өleңder, Хафиз Әбуұлы өлеңдері