Қазақша өлең: Патриоттық

Қазақша өлең: Патриоттық казакша Қазақша өлең: Патриоттық на казахском языке



Кеше де, бүгін, ертең де
Ғаламның ғажап төрі едім.
Алысқан жауға дерт емген
Қазылып тұрған көрі едім.

Текті боп туған тамырдан
Тайқымайтұғын төре едім
Түңгісін болжар таңынан
Табиғатқа ұқсар көне едім.

Аспанның сүтін құйдырып,
Қолыма алған өр едім.
Көк күмбез жақты күйдіріп
Зау көкке ұлыр бөрі едім.

Күйеуі кеткен майданға
Анадан аққан шер едім.
Баласы қолын жайғанда
Маңдайдан аққан тері едім.

Мен емес бықсып сөнетін,
Лапылдап жанам себебі,
Бөлесі үшін өлетін,
Әр қазақ маған бөле еді.

Құшағың жайсаң, кел, бері,
Достықтың мәңгі кені едім
Дархан пейілді жердегі
Мен қазақ деген ел едім!
Автор: Жұлдыз БЕЙСЕКОВА

Кәкей Жаңжұңұлы - "ҚАЗАҚПЫН"

Танымасаң танып ал, мен - қазақпын,
Жағам - жайлау, көңілім - көл қазақпын.
Ұлысым бай, іргелі ел - қазақпын,
Ырысым сай, нұр жері кең қазақпын.

Мен емеспін кешегі өшкен қазақ,
Құба жонда тентіреп көшкен қазақ.
Мен боламын: қойнауға қой қаптатып,
Қала салып, білім ап өскен қазақ.

Жомарттық пен пәктіктен басталамын,
Жаны - дана, жүрегі - жас баламын.
Керек емес әулетің, дәулетіңмен,
Мен сенің көңіліңе-ақ мас боламын.

Мейман болсаң жаюлы дастарханым,
Қымыз құям, алдыңа бас тартамын.
Атыңды ерттеп, елпектеп есік ашып,
Ән-күйменен өтеді атқан таңым.

Қазақпын: "Тегің кім?" деп тектемеген,
Ере келген итке де "кет" демеген.
Пейілі түссе бір атын түсіп беріп,
Бір атым насыбайға өкпелеген.

Қазақпын түнемеген төріне түн,
Бар сыры домбырада төгілетін.
Аңқылдаған ақ көңіл ел боламын,
Аузың ашса, жүрегі көрінетін.

Қазақпын, қаз мойыны ойнақтаған,
Ой да баққам, бір өңкей қой бақпағам.
Ер, елдігім - ешкімді жатсынбаған,
Тереңдігім - ешкімді бойлатпаған.

Қобыланды қазақпын - батыр елмін,
Қозы-Баян қазақпын- тату елмін.
Қожанасыр қазақпын - аңқау елмін,
Абай туған қазақпын - ақын елмін.

Таба алмаған қонысын бір көш едім,
Отау тіктім, от берді күн көсемім.
Барлық ұлтпен терезем тең кеп бүгін,
Жас ғасырмен жайраңдап үндесемін.


Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің!

"Елім менің" патриоттық әндер және мәнерлеп оқу байқауы

ЖАН ДАЛА – ЖӘННАТ ДАЛА

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.
Күләш Ахметова

Атамекен

Өлеңі: Қ. Мырзалиев
Әні: Е. Хасанғалиев

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, патриоттык олендер создер, патриоттык такпактар, патриоттық өлеңдер текст, патриоттық өлеңдер мәнерлеп оқу, патриоттық өлеңдер балаларға арналған, патриоттық өлең шумақтары, патриоттык олендер создер, патриоттык такпактар, патриоттық өлеңдер текст, патриоттық өлеңдер мәнерлеп оқу, патриоттық өлеңдер балаларға арналған, патриоттық өлең шумақтары, Қазақша өлең: Патриоттық қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке