Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (SMS хат)

Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (SMS хат) казакша Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (SMS хат) на казахском языке

Алғашқы SMS хат

Өткен іске өкініп, өлесің бе?!
Басқа салса, бәріне көнесің де.
Басқа бір жан, жат өзек бақытым ба,
Бақытсызбын, осыған сенесің бе?!

Түсін, жаным,
Мен бәрін түсінемін,
Түсінуге жаралған кісің едім.
Соңғы сөзім ұласып күрсініске
Соңғы рет бір қолыңа түсіп едім...
(Түуф! сол кезді несіне еске түсіремін?!)

Көзден ақса мөп-мөлдір бұлақ – қайғым,
Сабырыма бас ұрып тұрақтаймын.
Сені ойлаймын, білмеймін, неге ойлаймын,
Сенен басқа ешкімді ұнатпаймын!

Сенсіз өткен тілдеймін түндерімді,
Сенсіз өткен күндеймін күндерімді.
Сезім суып, ой ұлып, көңіл өксіп,
Өзімді емес, сүйретіп сүлдерімді,
Кеше тағы базарды араладым,
Қара базар ─ ұясы бал араның.
Қарсы алдымнан қырсығып қарсы шықтың,
Қасарысып әдейі қарамадым.
Қа-ра-ма-дым!!!

Содан кейін түтіп жеп қалың күдік,
Бағым жылап тағы да, сорым күліп,
Арымдағы мұңайтып Періштемді,
Қанымдағы Ібіліс қағындырып.
«Сүймеймін» ─ деп,
«Сүй-мей-мін» ─ деп, бір кезде көкіп едім,
Толып кетті құсаға көкірегім.
...Телефоннан бұл хатты өшірсең де,
Жүрегіңнен өшірме, өтінемін...
Беттер:
<< 1 2 3 4 5 6 >>




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, бауыржан қарағызұлы SMS хат өлең олен бауыржан карагызулы стихи на казахском языке, бауыржан қарағызұлы өлеңдері, бауыржан карагызулы олендери, стихи на казахском языке бауыржан карагызулы, акын бауыржан карагызулы, Алғашқы SMS хат, хат туралы олен, хат туралы өлең, бауыржан қарағызұлы Алғашқы SMS хат өлең олен бауыржан карагызулы стихи на казахском языке, бауыржан қарағызұлы өлеңдері, бауыржан карагызулы олендери, стихи на казахском языке бауыржан карагызулы, акын бауыржан карагызулы, Алғашқы SMS хат, хат туралы оле, Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (SMS хат), Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (SMS хат) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке