Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Әлди) » ZHARAR © 2016 | бауыржан қарағызұлы Әлди өлең олен бауыржан карагызулы стихи на казахском языке, бауыржан қарағызұлы өлеңдері, бауыржан карагызулы олендери, стихи на казахском языке бауыржан карагызулы, акын бауыржан карагызулы, Әлди




  • »

Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Әлди)

Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Әлди) казакша Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Әлди) на казахском языке

Мына Түн талыққан Үміттің дауысы секілді,
Кеңістік еркесі Ол – торсық бет кекілді.
Ол бізді бір жаққа шақырған сыңайлы,
Естісем дауысын еске алып Құдайды,
Жүрегім жылқыдай жылайды!

Мына Түн – о, мүмкін бағыты жоғалған Жолдарым.
(Жолдарда жанымды жұбаттым, алдадым...)
Өлімді сағынған, аңсаған –
қартайған Арманның
шаршаған елесі емес пе,
мына Түн??!

Ұйықтамай отырмын неге осы??!

Мына Түн –
мәңгілік әуенге билейтін Сөздердің мекені –
Анты бар төзімдей, сезімдей некелі.
Жарықты сүйеді,
Жарықта өледі...
Жарықтан келеді,
Жарыққа кетеді...
Әлди, әлди,
әлди, әлди, Қара Түн...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 297
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .