» » » Өлең: Қасым Аманжолов (Алматы)

Өлең: Қасым Аманжолов (Алматы)

Өлең: Қасым Аманжолов (Алматы) казакша Өлең: Қасым Аманжолов (Алматы) на казахском языке
Жақсы екен ғой Алматым,
Алтын үйек астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған.
Келдім сені сағынып,
Алтын ұям - Алматым.
Кең көшеңде басар нық
Мен бір ақын солдатың.
От пен темір сайысқан
Келдім майдан төрінен.
Жер құшам деп көр құшқан
Жауды жеңіп келдім мен.
Сағынышын солдаттың
Сен сұрама, мен айтпан.
Кетті шығып бір ұшқын
Кеудемдегі шыңайттан.
Күлкі-жасы аралас,
Ақын да бір жас бала.
Тербет өзің, мауқын бас,
Алтын бесік - астана.
Жүрмін жортып қызықтап,
Көше қоймай баспаған.
Сыбырлайды жапырақ,
Жалт қарайды тас маған.
Өкпе, назға - манафест,
Жатыр құшып достарым.
Сары алтын күн, думан кеш,
Қанар емес құмарым.
Ән мен күйді сапырған
Сал домбыра- сал ожау;
Сабырлы оймен отырған
Бір қария Алатау.
Неткен сұлу өмір ең!
Қарай берем үңіліп.
Ғажайып бір мейірмен
Келешегің тұр күліп.
Жақсы екен ғой Алматым
Алтын тулы астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған

Автор: nurgul95 | 149 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қасым аманжолов Алматы өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша, қасым амандолов өлеңдері, касым аманжолов олендери, касым аманжолов стихи на казахском, Алматы, қасым аманжолов Алматы өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша қасым амандолов өлеңдері касым аманжолов олендери касым аманжолов стихи на казахском Алматы, Өлең: Қасым Аманжолов (Алматы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке