Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмір сүрейік алмасып) » ZHARAR © 2018 | мұқағали мақатаев Өмір сүрейік алмасып өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Өмір сүрейік алмасып

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмір сүрейік алмасып)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмір сүрейік алмасып) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмір сүрейік алмасып) на казахском языке


Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың, бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
(Көрінер,мүмкін, кімге ерсі.)
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймәлім маған өмірге,
Қайың көзімен қарайын.
Сен-дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым - Адаммын.
Мендегі бары бір жүрек.
Беріпті жүрек саған мың,
Сондықтан ұзақ жасайсың -
Құрдасы келер заманның.
Бар-жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі: семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемін
Тірілер қайта дүруреп.
Жапырақ-жүрек, жас қайың!
Жанымызды айырбастайық?
Адам боп жүрсең қасқайып,
Қайың боп тұрам қасқайып,
Тәуекел, айырбастайық.
Өмірге-өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып,
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Өмір сүрейік алмасып өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Өмір сүрейік алмасып, мұқағали мақатаев Өмір сүрейік алмасып өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Өмір сүрейік, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмір сүрейік алмасып) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке