Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Зираттағы жыр) » ZHARAR © 2018 | мұқағали мақатаев Зираттағы жыр өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Зираттағы жыр

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Зираттағы жыр)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Зираттағы жыр) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Зираттағы жыр) на казахском языке


Сәлем бердік,
Бейтаныс жолаушылар!
Жолаушылап, шаршаған боларсыңдар.
Анау қырдың астында менің аулым,
Соғарсыңдар, дем алып, қонарсыңдар.
Менің үйім жылғаның жағасында,
Құйған тұсы бұлақтың қара суға.
Ағысымен бұлақтың тартса болды,
Сұрамай-ақ ешкімнен табасыңдар.
Шеткерірек, көшенің аяғында,
Тірлік етіп жүрген ем баяғыда.
Қалжырап кеп жұмыстан, қалғып кеткем,
Содан бері дәрмен жоқ оянуға.
Шешем байғұс жан еді сөзге білгір,
Сөйлесерлік кім оған кез келіп жүр?
Мұңын басып, ғаріптің көңлін ашып,
Әңгіме айтып берсеңдер өздерің біл.
Қысқа өмірдің сапары сөз бе құрғыр,
Асықпай-ақ, ас ішіп, көздеріңді іл.
Жарым менің жан еді дәті берік,
Беріктіктен жүр ме екен запы көріп?!
Балаларым ер жетіп кеткен шығар,
Алдарқауға келмес-ті тәтті беріп.
Қайсыбірін айтайын, қалды бәрі:
Ойы, тауы, орманы, балқұрағы.
Бесігіне туған жер бөледі де,
Әлдилейді алыстан тау бұлағы,
Мәңгі мені ұйқыда қалдырады...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Зираттағы жыр өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Зираттағы жыр, мұқағали мақатаев Зираттағы жыр өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Зираттағы жыр, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Зираттағы жыр) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке