Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Кешіргін, қала!) » ZHARAR © 2018 | мұқағали мақатаев Кешіргін, қала! өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Кешіргін, қала!

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Кешіргін, қала!)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Кешіргін, қала!) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Кешіргін, қала!) на казахском языке


Көгенде қозы,
Желіде ңұлын байлауда.
Жерошақ бықсып,
Қазанда бағлан қайнауда.
Қазақы үйдің қайыра түріп іргесін,
Қайғысыз, қамсыз отырушы едім жайлауда.
Сап-сары қымыз сарқылмаушы еді кеседен,
Отырушы едім, көгеріп, шалқып көсегем.
Оңымнан Айым, Жұлдызым туып солымнан
Бақытты екем жаралған ерек пешенем.
Ол-дағы өтті...
Оны да місе тұтпадым,
Нәр алдым, бірақ нәсілге ол да жұқпады.
Қалаға келдім,
Тас үйде тұрмын, тамаша!
Тауықтың еті, жүзімнің суы жұтқаным.
Тамаша қала!
Обалы босқа не керек.
Құйысқан өріп, жатпаймын таға шегелеп.
Алып қаланың аздаған шуы болмаса,
Қызыл да жасыл, қым-қиғаш әсем төңірек.
Қалада мынау тұрмыс та ерен, күй де ерен
Көрместі көріп, білместі біліп, үйренем.
Сәл ғана жаным қинала қалса, дүрлігіп
Дүниенің бәрін шақырып алам үйге мен.
Дерт дейтін дерт жоқ,
Дертсіз де қажып, ауырдым.
Ем болар ма екен, түтіні туған ауылдың?!
Қайырымды қала,
Кешіргін мені, қайтейін?
Жатайын барып, төсінде асқар тауымның
Кешіргін мені,
Көк жайлауымды сағындым!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Кешіргін, қала! өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Кешіргін, қала!, , Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Кешіргін, қала!) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке