Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Соңғы минуттар) » ZHARAR © 2018 | мұқағали мақатаев Соңғы минуттар өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Соңғы минуттар

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Соңғы минуттар)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Соңғы минуттар) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Соңғы минуттар) на казахском языке


Москва. Кремль.
Жиналыс.
Советтер can түзеп, жиған күш.
Қуаныш хабарды әкелді
Ақсақал Михаил Иваныч.
- Жолдастар! - деді ол,байыпты,
- Шүйінші, Ильич айықты!
Ол ертең оралар жұмысқа
Сыйынды әзірле лайықты!
- Ильич өмірге оралды,
Бойынан сырқаты жоғалды,
Деді де, Михаил Иваныч
Осымен хабарын доғарды.
Кең залды кернеді бұл хабар
Шарт та-шұрт шаналақ. Уралар
Айғай. Шу.
Ашылған құшақтар,
Сүйісу, жыласу, ду да бар...
Кенелсін шаттыққа, кенелсін,
(Қуанған қауымға не дерсің).
Шаттықты ақ қанат көгершін
Әлемге іліп ап жөнелсін!
Үміттің сәулесі жылтылдап
Бар әлем, барша жұрт, тұр тыңдап,
Бәрі де көсемін құшып бір
Бәрі де Ильичпен бір тұрмақ.
Лондон, Парижде, Берлинде,
Прага, Варшава, Кельнде.
Ильичтей бостандық көсемін
Аңсап-ақ қалыпты ел мүлде.
Париждың байырғы докері
(Ғажап-ақ неғылған от еді!)
Елисей сарайы алдынан:
- Ильич! - деп, жар салып өтеді.
«Тәңірі» қорқақ қып жасаған
Буржуйлар сығалап тасадан,
Қояндай зытады, қашады,
Қашады... Мәссаған!
Жатсын ол
Дұрыс қой қашқаны-ақ.
Жатсын бір түкпірден баспана ап.
Ал мұнда, Советтер елінде
Бүгінгі қуаныш басқарақ.
...Январь. Жаңа жыл - жас қанат.
Біздерде қуаныш басқарақ.
Сауыққан Ильичті құттықтап
Күліп тұр миллион қас, қабақ.

II
...Сибирьде. Алысқа, Шушаға
Ағызып барады бір шана.
Тайганың желімен жарысып,
Асыққан кім екен мұншама?!
Айнала ақ түтек борасын.
- Сен кімсің? Тым суыт жолаушым?
Бәлкім бір асығыс іспенен
Алыстан шыққан да боларсың?
Ағызып атыңның боздағын,
Бәрібір Тайгадан озбадың.
Жол болсын, жолаушым?
He хабар?
Қанеки, әңгіме қозғағын?
Ұлып тұр. Сыңсып тұр айнала.
Жолаушым үн қатты жай ғана:
- Айыққан Ильичтің хабарын
Ап кетіп барамын Тайгаға.
Тез жеткіз. Тежеме ат басын!
Тез жеткіз. Жақсылық жатпасын!
Қарт Сибирь қалпағын қолына ап,
Білсін де қуансын, шаттансын.
Ұлына сыбаға сақтасын!..
Қарамай аязға, дауылға,
Артта қап қырқаң да, тауың да
Құйылтып келеді бір қазақ
Қиырда отырған ауылға.
- Жол болсын, жолаушым, кім едің?
Жүрісің тым суыт білемін...
- Шүйінші, бауырым, шүйінші!
Айықты, жазылды Ленин!
Атын ол бір тартты борбайға
(Қазекең тұрсын ба ондайда).
Құйын боп, құйылып барады
Аңдамай жар қайда, ор қайда.
Тез жеткіз, тежеме ат басын!
Тез жеткіз, жақсылық жатпасын!
Қарт қазақ қолына бөркін ап,
Білсін де қуансын, мақтансын!
Ал, сен ше?
Шығар күн, батар күн,
Ильичке не сыйлық апардың?
Сен-дағы қарыздар емес пе ең?
Сен-дағы Ильичтен от алдың!
Қайнаған тіршілік астында:
Өзен, тау, орман, көл, тас, құм да
Осынау жұмыр жер жонына
Ильичті шуақ қып шаштың ба?
Сен де, түн!
Маңғаз түн, бейхабар,
Тербеткін Ильичті, шайқа, бар!
Сәбидей қалғыған дүниеге
Ильич деп, бесік жыр айта бар.
Соқ, дауыл!
Соқ, дауыл, соқ дауыл!
Жаңылма, жырыңды жатқа біл.
Ленин тірі де, әлемге
Тірі де Ленин - Октябрь!
...Январь. Айнала ақша қар,
Бұлт та жоқ, көлеңке дақ салар.
Көз ілмей, Ильичті күзетіп,
Күліп тұр тоғайлар, бақшалар.
Москва өзені, қаласы,
Сәбидей мәз боп тұр, қарашы!
Қарашы!
Ақсия күліп тұр,
Шығыс пеп Батыстың арасы.
...Өмірге Ильичтей ұл туған
Дүние, айналдым ғұрпыңнан!
Жаңарған, жасарған нұр тұлғаң
Екен ғой Ильичпен құлпырған,
Дүние айналдым ғұрпыңнан!

III
Па, шіркін!
Горкада күн қандай!
Боз қырау,
Ал боран тынған жай.
Ақ мамық төсеніп, жамылып,
Ағаштар сүйісіп тұрғандай.
Па, шіркін!
Горкада күн қандай!
Аяз қарт дауылдап, дауылдап,
Басылған сәті еді мамырлап.
Қатал қыс әріге бара алмай
Тұр ма әлде Горкада дамылдап?!
Қарт аяз - жараған ақ бура
Айқара шудасын жапты да,
Құлай кеп қисайды. Кім білсін,
Горкадан тыныштық тапты ма?
Түк... Түк... Түк соғылса тұмсықтар,
Қайыңнан түседі сусып қар.
Бұтақтан бұтаққа секірген
Бармақтай, бармақтай шымшықтар.
Па, шіркін!
Горкада күн қандай!
Тыныштық, құлаққа ұрғандай.
Тіршілік, тыныштық тынысы
Осында мекендеп тұрғандай.
Па. шіркін!
Горкада күн қандай!
Табиғат, Горкаға жерік пе ең?
Сен мұнда неғылған көрікті ең!
...Апыр-ау, айтса да оқушым,
Бұл маңда Ильич жоқ неліктен?!
Иесі қайда жүр бақшаның?
(О, жүрек! He күдік бастадың?)
Кет, күдік! Қайдан сен тап болдың?
Кет әрмен! Көңілге жат сағым!
...Батуға еңкейді күн-дағы
Heгe үнсіз тіршілік мұндағы?
Мана әзір жиналған топ сәби
Неліктен аялдай тұрмады?
Көп күтті сәбилер бақшада
Ильичпен ойнауға аққала.
Шіркін-ай, сол адам тағы да
Ойнаса, күлсе-ау бір шаттана...
Бір-бірден жентек қар алып ап,
Шіркін-ай, ойнаса жамырап...
Келмеді ол. Әнеки, босқа тұр
Қар басқан орындық қаңырап...
Жоғалтып бүгінгі шаттығын
Сәбилер тарасты. Батты күн.
Бейхабар сәбилер біле ме,
Ильичке не болды тап бүгін?!

IV
Кешқұрым.
Көк жиек нарттанып
Неліктен тұлданды бет қарып?
Жомарт Күн шашылған шуағын
Апыр-ау, қай жаққа кетті алып?!
О, менің тірлігім, қуаттым!
Heгe сен батасың шуақ - Күн?
Тағы әне, түнге ерік бердің де,
Тағы да дауылды жылаттың!
Сен неге батасың, шуақ - Күн?
Сәулеңді ұрлайды кім келіп?
Неліктен бересің түнге ерік?
Сақшысы бол-дағы өмірімнің
Төбемде мәңгілік тұр көріп.
Батпа сен!
Бермеші түнге ерік!
Төбемнен ұзама жүз қадам,
Жылыта бер денемді мұздаған.
Зәредей сәулеңді мен сенің
Некелі жарымдай қызғанам.
Барым да, байлығым, мақтаным,
Батпашы, шуақ Күн, батпағын!
Осынау алып ел үстінде
Мәңгілік борышыңды ақтағын!
Асықпа, аялда, батпа күн!

V
...Әлгінде дәрігерді қабылдап,
Ол жатыр бөлмеде дамылдап.
Ол жатыр. Ауру жеңгеңмен
Әуелгі қалпында сабырлы-ақ.
Қиын ғой сабырлы деуге де,
Сарқылмай ой жатса кеудеде.
Қиын ғой сабырлы деуге де,
Тасыған күй жатса кеудеде.
Амал не? Сырқаты меңдеді.
Жеңбекші ол осы ұлы кеудені.
Амал не? Науқасы көнбеді
Әйтпесе бір нәрсе дер ме еді?!
Табиғат, қаталы-ай заңыңның!
Қайратын мұқадың дана ұлдың.
Ол рас. Қимылың ақиқат
Әйтсе де бұл тұста жаңылдың!
Алжаспа, табиғат, демеп қой!
Ильич ол - ұлы арман, қоректі
Ағың мен қараңдай айқындар
Ильичтей адал жан керек қой!
...Ол жатыр оңаша бөлмеде,
Ордалы ой жатыр кеудеде.
Ұлы ойға ұрыңды жіберген
Табиғат, ес жоқ-ау сенде де!
...Ол жатыр.
Надя отыр қасында...
Сабырлы.
Мезгіл жоқ жасуға!
Қарайды ол.
Жанары аймалап,
Дегендей: «Өлімге бас ұрма!»
Ол жатыр.
Надя отыр қасында.
Болмайды, болмайды жасуға!
Болмайды! Ежелден белгілі
Сыну бар, сызат жоқ асылда!
Ол жатыр.
Күрмеулі тіл бірақ,
Қос жанар қарайды тұнжырап.
Гранат кеудеге соғылып,
Тулайды толқын - ой ұрғылап.
...Ол жатыр.
Күрмеулі тіл бірақ
Аулада Аяз-қарт тұр жылап.
Бусанған қап-қара әйнектен
Төнеді Горка да тұнжырап.
Ол жатыр.
Ол жатыр от - дана
Баяулап сөнуге шоқтана...
Қайтпапты.
Үй сыртын торып жүр
Ойнауға жиналған топ бала.
Бүгін кеш неғылған қап-қара?!
Жадаулық, жүдеулік бақта да.
Ильич пен балалар жасаған
Жабырқап тұр, әне, Аққала.
Ол аппақ. Айнала қап-қара.
Арайлап, баяулап, тап бүгін,
Сөнген жоқ, бірақ та батты күн
Сендерге, сәбилер, қалдырды ол
Өзінің өмірін, шаттығын.
Тараңдар, сөнбейді, батты күн.

VI
Жиырма төртінші жылды ауыр,
Қарғыстап, қаһарлы тұр дауыл.
Ал Горка томсарып, налиды
Қаралы, жаралы, тұлды ауыл.
Горка, сен, налыма тұнжырап
Секілді жапырақсыз мұңлы бақ.
Көтер бас! Налыма! Сен маған,
Батады, сөнбейді Күн бірақ!
Қатыгез қайғы уын шашты ма!!
Түтеп тұр біздің қарт Москва,
Сақалы желкілдеп, бүгілді
Ер ұлын баурына басты да...
Шұғыла сәулеңмен түнді жап,
Қайғырма, Москва, тұнжырап!
Қайғырма Москва! Сен маған,
Батады, сөнбейді Күн бірақ.
Кеудесін кек кернеп ұрғылап,
Көз алды мұнартып бұлдырап,
Егіліп.Таянып таяғын,
Бір қазақ қарт қойшы тұр жылап.
Ей, қартым!
Күрт түсіп тұнжырап,
Сыр берме, жауларға тым жылап!
Жылама, жасың сүрт!
Сен маған,
Батады, сөнбейді Күн бірақ.
Қайғы жат.
Қайғымен туыспа!
Қайғыңды айналдыр құрышқа!
Ильичтің есімін мәңгілік
Орақ пен Балғаңдай тік ұста!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Соңғы минуттар өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Соңғы минуттар, мұқағали мақатаев Соңғы минуттар өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Соңғы минуттар, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Соңғы минуттар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке