Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыстың күні) » ZHARAR © 2018 | мұқағали мақатаев Қыстың күні өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қыстың күні

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыстың күні)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыстың күні) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыстың күні) на казахском языке


Күн күлмейді еркінше нұрын шашып,
Дамылсыз көк күмбезін бұлт басып.
Отыр міне қарт анам ойға шомып,
Таянып ұршығына, құты қашып.
Күн шығып, көп кідірмей қайта батқан,
Тұншығып бұлт астында таулар жатқан.
Қар жамылған кең дала, асау өзен
Үстінде көкшіл меруерт мұзы қатқан.
Тәкәппар қыс лебі неткен күшті,
Ақ қырау алыстағы орман үсті.
Иілтіп әлсіз дене жас шыбықты,
Ұлыған долы боран соға түсті.
Ұлпа қар кеше ғана жауып өтті,
Кіршіксіз аққа орап төңіректі.
Жүзіңді бейне сұлу нұрға бөлеп,
Жабысады шытқыл аяз қарып бетті.
Ақша қар көз ұялтып, шағылысып,
Алтынның ұнтағындай жылт-жылт етті.
Ысқырып, аяз зулап кең далада,
Көркіне көз ілеспей қаққан сылаң.
Лебімен уын шашқан айналаға,
Тәрізді ысқырығы зәрлі жылан.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қыстың күні өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қыстың күні, мұқағали мақатаев Қыстың күні өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қыстың күні, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыстың күні) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке