Бердібек Соқпақбаев | Жол

  Бердібек Соқпақбаев | Жол


Бес жасар ұлы Балғынды Бәзіл жылқышы алдына мінгізіп алған. Түні бойы көмекшісі баққан жылқыны кәнігі көзбен аралап, түгендеп етіп, көңілі жай татқан соң енді сәскелік қымызға үйге қайтқан беті. Жайлаудың адырлы кеудесін тіле түсіп, жіпше шұбалған жалғыз аяқ соқпақ жолмен келе жатыр. Астында құйрық-жалы төгілген аяңшыл торы.

Әкесінің алдына мініп алу — Балғын үшін құмар іс. Дүниенің төбесінен қарағандай болып, мерейленіп қалады. Аса бір жетіскен көңілмен сәбилік қиялы шартарапқа жосылып өзімен-өзі іштей күмбірлен сөйлесіп келе жатыр. Екі кезі таспадай шұбалып, таусылмай алға бастаған соқпақ жолда. Кенет ол әкесінен:

— Ата, осы жолмен жүре берсе, жүре берсе, қайда барады? — деп сұрады.

— Анау таудан асып, өзіміздің ауылға барады, — деді Бәзіл.

— Сол жерде таусыла ма?

— Жоқ таусылмайды.

— Одан әрмен қайда барады?

— Дуылдан әрмен даңғыраған тас жолға қосылады да, ayданға барады. Есжан ағаң қызмет істеп жүрген жерге барады.

Бір сұрақты бастаса, түбіне жетпей Балғын, сірә да, тоқтамайды.

— Одан әрі қайда барады?

— Одан әрі Алматыға барады.

Алматыдан әрі қайда барады?

— Поезд жүретін темір жолды білесің бе? Естіп пе едің?

— Білем.

— Білсең, тас жол одан әрі темір жолға қосылады да, тартқаннан тартып отырып, Москваға барады. Жол атаулының барлығы Москвада тоғысады.

* * *

Жол жайындағы әңгіме Балғынның көңіліне нық орнады. Өмірдің мағыналы жағын ашып танығандай болды. Таспадай шұбатылған әлгі соқпақ жол бұлардың үйінің нақ іргесінен етеді. Балғын енді сол жолмен тоқтамай жүре беруді армандайтын болдың. Сонда алдынан ерте ме, кеш пе, жарқ етіп Москва көрінетініне ол шүбәсіз сенеді.

Бір күні Балғын әлгі ойдың жетегімен Айнабұлақтың жасасын қоныстап отырған жылқышылар мекенінен едәуір ұзап шығып кетті. Соқпақ жолды қуалай жүріп келеді, жүріп келеді. Бірталай жүріп, дөңнен асты. «Шіркін-ай, анау» таудан асып және бірнеше таудан ассам. Москваға жетіп барар едім - ау!» — деп қиялдайды. Көзбе-көз барып кермесе де, суреттерден кинодан көріп таныған ұлы қаланың бейнесі, оның көз алдынан кетпейді. Жер бетіндегі ұлылы-кішілі сан алуан жолдардың бәрі Москваға барып тіреліп, тоғысып түйіскенін қалпында көріп тұрғандай әсер алады.

Кремль мұнарасы, Ленин Мавзолейі, Қызыл алаң — осының бәрі де Балғынның жадындағы суреттер.

Жағасы жібектей көгал шөппен көмкерілген соқпақ жол «жүр», «жүре бер, тоқтама» деп Балғынды емексітіп жетелей түскендей болады.

Сонау беткейде бір қора қой жайылып жүр. Кілең бірыңғай ақ қойлар. Одан әрменіректе жұмыртқадай аппақ болып күнге шағылысып, малшылардың ақ үйлері көрінеді. Соқпақ жол тартқан сымдай қарауытып солай кетіп жатыр. Бұлай жүріп, Москваға жете қоюы оңай емес екенін Балғын, әрине түсінеді. Енді ол осы арада тоқтады да, ілгері қарай қиялымен самғады. Соқпақ жолмен зымырап ауылға, ауданға жетті. Одан соң машинаға отырды. Асқар тау, айдын көлдерді артқа тастап және зырлап берді. Алматыға жетті. Енді Балғын поезға мінді. Паровоз айқайын салып, жер апшысын қуырып алға тартты. Бүкіл дала дөңгеленіп артта қалып жатыр. Ұшқан құс қалбақтап қызарып жанған қызыл жұлдыз, текшеленген зәулім үйлер көрінді. Бұл Москва!

Арт жақтан тасыр-тұсыр ат дүбірі естілді. Сопы естіп қиялы шарт үзілген Балғын артына жалт бұрылып қарады. Үш - төрт салт аттылар көлденеңдеп өтіп барады екен.

Бұлар қаладан келген артистер болатын. Олардың біреуі:

— Мына баладан сұрайықшы?! — деп, ат басып Балғынға қарай бұрды:

—Балақай, мына жол қайда барады?

Балғын кідіріп, мүдірген жоқ:

— Бұл жол Москваға барады!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі