Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ұлтты ұйытшы!) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Ұлтты ұйытшы! туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ұлтты ұйытшы!)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ұлтты ұйытшы!) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ұлтты ұйытшы!) на казахском языке


Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының төрт жылдығына арнаймын

Өршіл өлкем өнерлілер мекені,
Ақын, әнші, күйші - бәрі жетеді.
Ұлтты ұйытар театрға зәру боп,
Жүрген күндер түседі еске кешегі.
Бір мақсатты мың сан жүрек енші қып,
Келтірдік-ау күндерді де кеңшілік.
Шымылдығын ашқанда өнер отауы,
Жыладық біз - көрмей мұны ерсілік.
Жел өтінде соғылған бұл қорғандай,
Бір олқымыз болды сонда толғандай.
Ойдан-қырдан ағылды ғой қандастар,
Шын шаттанса, ел мерейі мол қандай!
Қилы-қилы қиындықпен тіресіп,
Өнердегі орыны үшін күресіп.
Келе жатыр, келе жатыр жас отау,
Ұлы өмірдің керуеніне ілесіп.
Көрерменнің көңілін табу - алақы,
Кейде биік асуларды алады.
Ал кей кезде жүрген ізін шиырлап,
Бір орында тұрыңқырап қалады.
Өткен төрт жыл сәби жасы десек тe,
Өнерде бұл алынбайды есепке.
Шығу керек жанашырдық ойынан,
Ойыныңа айтпау керек дос өкпе.
Әртіс-тұлға, қолдаушысы көрермен,
Бірге болсақ көсегеміз көгерген.
Намыс отын жүректерде жандырып,
Ұлтты ұйытшы өрісі кең өнермен!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Ұлтты ұйытшы! туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, , Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ұлтты ұйытшы!) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке