Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Суретші Сәкен Ғұмаровтың мұражайында) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Суретші Сәкен Ғұмаровтың мұражайында туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Суретші Сәкен Ғұмаровтың мұражайында

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Суретші Сәкен Ғұмаровтың мұражайында)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Суретші Сәкен Ғұмаровтың мұражайында) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Суретші Сәкен Ғұмаровтың мұражайында) на казахском языке


Қабырғада қанша сурет ілінген!
Дал боламын түсіне алмай бірін мен.
Шарасыздық шырмап алған санамды,
Сезіледі демімдегі дірілден.
«Адам деген алты аяқты болама?
Үшбұрыш бас - үйлеспейді жобаға».
Осы ойлармен ұзақ қарап тұрамын,
Тығырыққа тіреліп сан жорамал.
Тажал түсіп келе жатыр ғарыштан,
Құбыжықтар бір-бірімен алысқан.
Бұраңдайды айдаһардың құйрығы,
Кеуде жағы - жалы құлаш арыстан!
Анау аспан, осы мына жер үсті,
Неге сонша бір-бірімен керісті.
Алауыздық адамдарды аздырып,
Ібілістер тойлап жатыр жеңісті...
Бір суретте - шыңырау мен қия-шың,
Шыңырауға салған қыран ұясын?!
Қия-шыңға өрмелеген жыланға,
Биіктікті қалай ғана қиясың.
Адам неге ойға бәрін жыяды?
Бір басына солар қалай сыяды?
Түсінбесем, түсінбей-ақ қояйын,
Ғажап бірақ Ғұмаровтың қиялы!
Мойын бұрмай қылығына тасырдың,
Сәкен аға, сен өнерге бас ұрдың.
Суреттерің бет-бейнесі сияқты,
Қан құстырған жиырмасыншы ғасырдың
Адамдар аз заманамен бір үні,
Көп нәрселер ойлантпайды тіріні.
Ғұмыры ұзақ іс тындырам деп жүріп,
Қысқа болды Ғұмаровтық ғұмыры.
Тірлік кештім қасқыр да тоқ, қой да аман,
(Немкеттілік, бойкүйездік - сол жаман).
Сәкен салған суреттерді көргенде,
Осы күні кәдімгідей ойланам!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Суретші Сәкен Ғұмаровтың мұражайында туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Суретші Сәкен Ғұмаровтың мұражайында, айтқали нәріков Суретші Сәкен Ғұмаровтың мұражайында туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, С, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Суретші Сәкен Ғұмаровтың мұражайында) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке