Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Талап) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Талап туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Талап)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Талап) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Талап) на казахском языке


Жеткіншекті жетелейді талабы,
Талаптанса, біраз жерге барады.
Белгілейді мақсатының межесін,
Сәтті басқан ең алғашқы қадамы.
Ақ қағаздай қалам ізі түспеген,
Албырт жаннан күтпе бірден іс терең.
Лапылдайды жас жүректің жалыны,
Атқарады бар жұмысты күшпенен.
«Білекті адам бірді ғана жығады...»
Бәзбіреудің көңілі соған тынады.
Білімдіге қай кезде де өріс кең,
Сүріндірмес оны өмірдің сынағы.
Айналаға көз жіберіп қарасаң,
«Биік» болып кеткен өңшең аласаң.
Жалған ойды малданып жүр кей жастар,
Бұл жағынан олқылық көп орасан.
Мансұқ етіп өмірі ұзақ өнерді,
Қай заманда, айтшы, кімдер көгерді.
«Талапты ерге нұр жауады» деген сөз,
Дей алмаймын осы күні көнерді!
Біреулер бар шылауыңа жармасар,
Сөйтіп жүріп, келер күнге жалғасар.
Текті деген епті бола алмайды,
Иілгенмен, бүгілуге бармас ар!..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Талап туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, айтқали нәріков Талап туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Талап) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке