Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Сағыныш) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Сағыныш туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Сағыныш, сагыныш туралы олен казакша, Сағыныш туралы өлең

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Сағыныш)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Сағыныш) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Сағыныш) на казахском языке


Таң қалар жерін алғаш басқан адам,
Мен жиі болып тұрам астанада.
Сонда да туған ауыл орны бөлек,
Мұны адам ұқпайды екен жаста ғана.
Тағдырдың көріп өстім алалығын,
Көп терген жоқпын мынау дала гүлін.
Мешейдің көшесінде қалып қойды,
Жүдеу өң, жадау көңіл балалығым.
Жақсымды жалпақ елге жариялар,
Асқар тay, өткел бермес дариялар,
Бұл күнде селдіреп тe қалды дейді,
Әкемнің көзін көрген қариялар.
Көңілге дала сыйған, қала сыймақ,
Жүрмеңдер бара қалсам, дара сыйлап.
Жатсынбай мені қарсы алар ма екен,
Достарым бала кезгі «қара сирақ»?
Жырларым, бағыт - ауыл,
алға ұшыңдар!
Айтатын оған көп-көп алғысым бар.
Әрқашан ақ тілеуі әзір тұрған,
Аналар, ақ жаулықты бармысыңдар?
Жаңаша сыр шерткен бұл шақта дәуір,
Баспайды иықты жүк батпан ауыр.
Мен сенде туғанымды мақтан етем,
Мал бағып, нан өсіріп жатқан ауыл!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Сағыныш туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Сағыныш, сагыныш туралы олен казакша, Сағыныш туралы өлең, айтқали нәріков Сағыныш туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Сағыныш, сагыныш туралы олен к, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Сағыныш) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке