Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Сәндібек Әлібековке хат) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Сәндібек Әлібековке хат туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Сәндібек Әлібековке хат

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Сәндібек Әлібековке хат)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Сәндібек Әлібековке хат) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Сәндібек Әлібековке хат) на казахском языке


Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Жұмбақ жас - жетпісіңді алқымдадым.
Өлең кеп өзегімді өртегенде,
Шәйнектей газға қойған сарқылдадым.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Келеді әр күнімді алтындағым.
Көп күнім алтын болмай, жез боп шығып,
Қурайдай желді күнгі қалтылдадым.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Алдында, біреулердің артындамын.
Басымды тікпедім мен бәсекеге,
Мінезім ыссы, бірақ салқын қаным.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Озғым кеп қатарымнан талпынбадым.
Алалап адамдарды жүргенім жоқ,
Болса да қалтам жұқа, жарқын жаным.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Белгілі мезгіл жетсе, сарқылмағым.
Келемін мазасыздау тірлік кешіп,
Өзімше ойлауменен халқым қамын.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Сәндібек Әлібековке хат туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Сәндібек Әлібековке хат, айтқали нәріков Сәндібек Әлібековке хат туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Сәндібек Әлібе, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Сәндібек Әлібековке хат) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке