Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Студенттік әзіл) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Студенттік әзіл туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Студенттік әзіл

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Студенттік әзіл)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Студенттік әзіл) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Студенттік әзіл) на казахском языке


О, бәтеңкем, қара жорға тұлпарым,
Көп жүрістен жұқарыпты-ау ұлтаның.
Күні бойы жортасың ғой, көтеріп,
Еркетотай аяқтардың бұлтаңын.
Тақаларың көрінетін бұрын дәу,
Тозғандық па?
Басылады қырындау.
«Чарльстон» мен «Липси» деп жүргенде,
Тас еденге ыдырынып ұрылды-ау.
Осы сенің келіп тұрар кезегің,
«Жүдей» қалсаң, табылады тез емің.
Шөткіменен сауырыңнан бір сипап,
Тас көшені зыр жүгіріп кеземін.
Өзімше бір алмақшы боп ой түйіп,
(Ләззатқа шымырлайды-ау, бой күйіп).
Сауық кешке, театр мен киноға,
Күнде барам тобықтарым тойтиып.
Алдымда тұр сынақ деген алып шың,
Зейін қойып оқып жатыр халық шын.
Түк білмейтін студентке ұқсап сен,
Маған қарап «аузыңды ашып» қалыпсың.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Студенттік әзіл туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Студенттік әзіл, айтқали нәріков Студенттік әзіл туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Студенттік әзіл, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Студенттік әзіл) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке